«Тілге бойлау» жобасы аясында балабақшамызда «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» тақырыбында мектепалды «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушілері арасында сайыс өтті. Іс-шара барысында балалар «Қамшы тастамақ», «Бәйге», «Бестемше» сынды ұлттық ойындарға қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.
Бұл сайыс балалардың ұлттық құндылықтар жайлы білімін кеңейтіп, дәстүрлерге деген құрметін арттырды. Осындай іс-шаралар арқылы жас буынның бойына ұлтжандылық пен мәдени мұрамызға деген сүйіспеншілік сіңіріледі.